Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің кезеңі басталды

Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің кезеңі басталды
Сурет: Olympic.kz

Бүгін, 9 желтоқсанда, Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды.

Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан командасының құрамы:

Ерлер: Абзал Ажгалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебулан Шамуханов, Санжар Жанисов.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Ажгалиева, Алена Волковицкая.