Жапония НАТО-мен бірлесіп әскери ұшақ әзірлейді

Жапония НАТО-мен бірлесіп әскери ұшақ әзірлейді

Бұл туралы НАТО саммитінде белгілі болды.

Жапония, Ұлыбритания және Италия билігі 2035 жылға қарай жаңа жойғыш ұшақ жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Анадолу агенттігіне cілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-Министр Фумио Кишида қатысқан Мадридтегі НАТО саммитінде белгілі болды.

Токио Тынық мұхитындағы аймақтық қауіп-қатерлерге қарсы Жапонияның НАТО елдерімен қорғаныс саласында бірігетінін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, жобада жетекші рөлді жапондық Mitsubishi Heavy Industries және британдық BAE Systems компаниясы атқарады.

Жапония мен АҚШ қорғаныс министрліктерінің бірлескен мәлімдемесінде «Вашингтон әкімшілігінің Токио бастамасын қолдайтыны» айтылған.