№14 маршрут автобустары жаңартылды

№14 маршрут автобустары жаңартылды
Сурет: 2gis.kz

Бұл маршруттағы автобус саны 18-ге дейін көбейеді.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Айта кетейік, соңғы айларда бұл маршруттың жүріс жиілігі 30-40%-ға дейін азайған. Сондықтан маршрутты қызмет көрсету үшін басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды. Енді осы маршруттағы автобус саны 18-ге дейін көбейеді.

Қалалық мобильділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру үшін бірқатар шара қабылдағанын атап өткен жөн. Туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешіледі.