АҚШ-тағы атыс кезінде төрт оқушы жарақат алды

АҚШ-тағы атыс кезінде төрт оқушы жарақат алды
Сурет: Egemen.kz

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. 

Американың Филадельфия қаласындағы (Пенсильвания) білім беру мекемесінің жанында атыс болып, төрт оқушы жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көліктен сұлулық салонына оқ атылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға салдарынан 16 жастағы екі жігіт пен 15 жастағы екі қыз зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Медқызметкерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. 

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.