«Denis Ten Memorial Challenge» додасы өтеді

«Denis Ten Memorial Challenge» додасы өтеді
Сурет: Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан «Challenger» бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған.

Елордада мәнерлеп сырғанаудан әлемдік «Denis Ten Memorial Challenge» додасы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақшы.