Алматыда жол-көлік оқиғасының себепкері сотталды

Алматыда  жол-көлік оқиғасының себепкері сотталды
Сурет: Inbusiness.kz

Тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа өткізілді.

Алматыда ЖКО жасаған Мercedes жүргізушісі екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Almaty-akshamy.kz. 

Анықтау басқармасының хабарлауынша, бұл факт 2020 жылы 12 қарашада түнде Рысқұлов даңғылының бойымен шығысқа қарай, Шәріпова мен Саин көшелерінің аралығында болған. 

«Куәгерлердің айтуынша, даңғыл бойымен екі шетелдік көлік өзара жарыс ұйымдастырған. Mercedes E-class автокөлігінің жүргізушісі Шәріпов көшесінен өтіп бара жатып, кенеттен көлікті басқара алмай қалды, оның көлігі жолда айналып, содан кейін бөлінген көгалға ұшып кетті, сол жерде темір қоршаудың он шақты бөлігін бұзып, кері жолға қарай шықты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes көлігінің алдыңғы орындығында отырған жолаушы сол жерде қайтыс болды: оны тіпті салонға орналастырылған қауіпсіздік жастықтары да құтқара алмады. Шотаевтың іс әрекеті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі және 347-бабы бойынша қаралды. Тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа өткізілді», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.