Доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Сурет: ашық дерекөз

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460 – 465 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460-465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 463,1-465,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462,56 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,24 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,13-5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 20 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп, 462,55 теңге болған.