21 қарашадан бастап Тұздыбастауға №232 бағыт қатынайды

21 қарашадан бастап Тұздыбастауға №232 бағыт қатынайды
Almaty-akshamy.kz

Алматыда Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір қала маңы бағыты ашылды

Алматы қаласы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында Алматының қалалық мобилділік басқармасы биыл 21 қарашадан бастап №232 қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл бағыт Тұздыбастау ауылынан («Сұлтан» кешені) «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жүреді. Маршруттағы автобус саны 7, қозғалыс аралығы 20 минут.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ұйымдастыру көзделген. Бұған дейін 7 маршрут ашылды, қалған екеуі бағыт әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.