Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Сурет: The-flow.ru

KASE Қазақстан қор биржасы бойынша доллардың орташа бағамы 476,20 (-0,39) құрады.

Ккүндізгі сауда-саттықта оның бағамы аздап төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы да төмендеп, 7,82 теңгені (-0,64) құрады.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы аздап өсіп, 70,20 (+0,09) деңгейіне жетті.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк 482,92 теңге бағамын белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 476-480 теңгеден, еуроны 486-491 теңгеден, ресей рублін 7,3-7,77 теңгеден сатып алады/сатады.