Доллар арзандады

Доллар арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,43 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,37 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463,09 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 459,7 теңге, сатып алу – 462, 3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу – 463.

Алматыда Ресей рублі 5,04 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,1 – 5,2 теңгеден сатылуда.