Доллар 2,5 теңгеге арзандады

Доллар 2,5 теңгеге арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінгі доллар бағамы - 446,03 теңге.

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,43 теңгеге төмендеп, 446,03 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы долларға 448,61 теңгені құрайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 446,23 теңгені, сатылымы 448,11 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 450,17 теңгеден сатылуда.