Діндер көшбасшыларының съезі әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасаумен басталды

Діндер көшбасшыларының съезі әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасаумен басталды
Сурет: 24.kz

Дәстүрлі діндер съезінде бейбітшілік үшін дұға жасалды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтар арасындағы келісімді нығайтып, әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет екенін айтты. Мемлекет басшысы ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Дін көшбасшыларының съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін. Біздің мүддеміз және ниетіміз бір. Бәріміз де бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.