Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Сурет: Arnapress.kz

Қазақстандағы колледж студенттеріне үлгі болды

Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген.

«Бұл - дүние жүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі. Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін. WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.