Демалыс күндері елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Демалыс күндері елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Сурет: Ult.kz

Синоптиктер 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

“Қазгидромет” мамандары республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. 15 мамырда түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деген болжам бар. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда қатты жаңбыр жауады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша желдің күшеюі және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл күтіледі.

Жалпы, Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады. Тек 14-15 мамырда түнде еліміздің солтүстік жартысында -1-3 градус аяз күтіледі.