Cанжар Тәшкенбай - финалда

Cанжар Тәшкенбай - финалда
Сурет: Egemen.kz

Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегі басталды.

Байрақты додада қазақстандық бес боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Күндізгі сессияда бірінші болып ресейлік Эдмонд Худоян мен Санжар Тәшкенбай (48 келі) жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қазақ боксшысы өзінің тактикасын қолдана бастады. Нәтижесінде үш раундта да сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Осылайша, С.Тәшкенбай 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ол өз мансабында алғаш рет «алтын» үшін жекпе-жек өткізеді. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан финалға жолдама алған еді.