Алматылық онколог бүйрек қатерлі ісігінің дамуына ықпал ететін факторлар туралы айтты

Алматылық онколог бүйрек қатерлі ісігінің дамуына ықпал ететін факторлар туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Маманның айтуынша, бүйрек ісігі негізінен 50-70 жас аралығындағы адамдарда кездеседі, дегенмен бұл ауру жасөспірімдерде, тіпті балаларда да кездеседі.

Алматы онкологиялық орталығының онколог-дәрігері Камиль Хаширов Алматыда анықталған қатерлі ісіктердің 3,6 пайызын бүйректің қатерлі ісігі құрайтынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тек 2021 жылдың өзінде алғаш рет бүйректің қатерлі ісігімен 164 адам есепке тұрған. Бұл аурумен 1116 науқас есепте тұр.

«Темекі шегу, артық салмақ, ауырғанды басатын дәрілерді көп пайдалану бұл ісіктің дамуының кейбір факторлары болып саналады. Сондай-ақ, кәсіптік факторлар, мысалы, металлургиялық өнеркәсіптегі, былғары өндірісіндегі және т.б. жұмысшылар арасында бұл аурудың қаупі жоғары болмақ. Сондай-ақ, отбасылық бүйректің қатерлі ісігі жағдайында туындайтын генетикалық факторлар орын алады, мысалы, Фон Хиппел-Линдау синдромы. Мұндай жағдайларда аурудың жас кезінде дамуы, екі бүйректе де ісіктердің жиі асқынуы салдарынан бүйректе көптеген қатерлі ісік ошақтары пайда болады", - деп атап өтті онколог. Бүйректердің адам денесінің тереңінде орналасқанын атап өту жөн, көбінесе ісіктер өте ұзақ уақыт бойы өсіп, оларды алдын ала байқағанға дейін үлкен болып өсе береді. Маманның айтуынша, бүйректің қатерлі ісігінің ең жиі кездесетін белгісінің бірі болып несепте қанның пайда болуы. Соңынан несеппен бірге ұйыған қан болып ағатын несеп жолында қанның ұйып қалуының салдарынан бүйрек орналасқан жер қатты ауырсынады. Беломыртқа жақтың ауырсынуы көбінесе бүйректің қатерлі ісігінің басталуынан болады. Сондықтан да, онколог алдын ала тексерістен өту жайлы тағы да ескертеді. «Медициналық тексерістен өтуден қорықпау керек. Алғашқы сатысында анықталған қатерлі ісік тез және толығымен емделеді. Алғашқы сатыдағы диагнозды анықтау - бұл соңғы кесім емес, керісінше, осы аурумен күресіп құтылу мүмкіндігі мен болашақта жарқын өмір сүру», - деді ол сөзінің соңында.