Әскери қызметкерлердің дене дайындығына қатысты ережелер өзгеретін болды

Әскери қызметкерлердің дене дайындығына қатысты ережелер өзгеретін болды
Сурет: Tengrinews.kz

Өзгеріс әскери қызметкерлердің дайындығын сапалы ұйымдастыру мақсатында енгізілмек.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру даярлығы стандарттарына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство атап өткендей, өзгеріс әскери қызметкерлердің дайындығын сапалы ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатыр.

Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар:

«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл сұрақ қарастырылмаған;

«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;

«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұрын кейбір жаттығулар қарастырылмаған;

жекпе-жек ұрыс тәсілдерін орындауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге – ЖЖК бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1-5 жас тобынағы әскери қызметші ерлерге – ЖЖК бастапқы, арнайы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;

кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды – бұған дейін кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.

Қорғаныс министрлігі ұсынған өзгерістерді АшықНҚА сайтынан 5 мамырға дейін оқи аласыз.