Алматыда автобустардың кесірінен 89 көлік апаты болды

Алматыда автобустардың кесірінен 89 көлік апаты болды Сурет: Sputnik.kz

Қаламызда қоғамдық көліктердің жол-көлік оқиғасы ұшырауы жиілеп кетті.


Жыл басынан бері автобустардың қатысуымен 89 көлік апаты болды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Биылғы жылдың үш айында мегаполисте 89 жол-көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 105 адам түрлі дене жарақатын алды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Алматы қалалық полиция департаментінің ресми ақпаратына сәйкес, 2021 жылы қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 264 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 344 адам жарақат алған.


Сондай-ақ жыл басынан бері қала жолдарында мопедтердің қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 72 адам зардап шекті. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мопед тізгіндеген 38 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Айта кетейік, D санатындағы жүргізуші куәлігі 25 жасқа толған және кемінде 5 жыл, оның ішінде D1 санаты бойынша көлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем емес адамдарға беріледі.


Алматы қалалық ІІД көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10