Бүтін бір ауыл карантинге жабылды

Бүтін бір ауыл карантинге жабылды
сурет:7kun.kz

Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылды.

Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының табылуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына анықталған эпизоотия ошағын жою үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын», - делінген Ашық НҚА поратында жарияланған аудан әкімдігінің шешім құжатында.