Бұрынғы Бас прокурор президентікке үміткер

Бұрынғы Бас прокурор президентікке үміткер
odishatv.in

Оңтүстік Корея елдің 20-сыншы Президентін сайлайды

Президент болуға 10-нан астам адам үмітті.  Халық көп болғанмен, бұл сайлауда, алдыңғы сайлауымен салыстырғанда, сайлаушылардың белсенділігі төмен. Учаскелер таңғы сағат 6-да ашылды. 9-00-ге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың 8 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Дауыс беру қиын эпидахуалында өтіп жатыр. Бүгін індет жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. COVID 300 мыңнан астам адамнан анықталды. Мысалы, осы сайлау орны денсаулық сақтау басқармасында орналасқан. Мұнда адамдар дауыс беріп, тест тапсыра алады. Мерзімінен бұрын дауыс беру 4 және 5 наурызда өткенін атап өткіміз келеді.

16 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 37 пайызға жуығы өз құқығын пайдаланды. Олардың ішінде індет жұқтырғандар да бар. Науқастар үшін арнайы учаске ашылды.

Президентікке негізгі үміткер төрт адам. Бірақ екі үміткер алда келеді: олар - бұрынғы Бас прокурор Юн Сок Ёль және Кёнги провинциясының бұрынғы губернаторы Ли Чжэ Мён.

Сауалнамалар олардың рейтингі шамамен 40% болғанын көрсетті. Бірақ үшінші орын алған бизнесмен Ан Чоль Су Юн Сок Ёлдың пайдасына өз кандидатурасын алып тастағаннан кейін бұрынғы прокурордың жеңіске жететініне көпшілік еш күмәнданбайды.

- Дегенмен кез келген үміткер жеңіске жетсе, Оңтүстік Корея билігінің саясаты көп өзгермейді, - дейді саясаттанушылар