Парламент мүшелері Қаменов пен Решетниковтың өкілеттігі тоқтатылды

Парламент мүшелері Қаменов пен Решетниковтың өкілеттігі тоқтатылды
Сурет: 24.kg

Олар өз еркімен қызметтен кетуге өтініш берген.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Олар өз еркімен қызметтен кетуге өтініш берген. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.