Мемлекеттік инспекторлар 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Мемлекеттік инспекторлар 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: Business4lions.com

Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.

Жыл басынан бері Қазақстандағы мемлекеттік инспекторлар құқығы бұзылған 10 мыңға жуық жұмыскерге көмектескен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмыскердің алдындағы 2 млрд 845 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.