Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі
Сурет: Тengrinews.kz

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Алматы қаласының Түрксіб және Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғылықты жерлер контурларында шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

11 шілдеден 15 шілдеге дейін:

Хмельницкий – Староэлеватор – Бакинский – Куйбышев;

Шахтинская – Аяз би – Демченко – Атбасарский;

Урицкий – Бейсебаев – Нұрсая – Бартольд;

Остроумов – Красногорск – Дегдар – Остроумов.

11 шілдеден 1 тамызға дейін:

Райымбек – Жуалы – Абай – Алтын орда.

Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.