Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды

Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды
mail.kz

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов бұдан басқа 120 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын мен қаланың 51 базары да қайтадан жұмыс істей бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әкім орынбасарының айтуынша, 149 азық-түлік сауда желісінің гипермаркеттері мен супермаркеттерінің 146-сы өз қызметін қалпына келтірген, қалған 3-еуі 28 қаңтарға дейін ашылады.

Алматының азық-түлік емес сауда нысандарына келетін болсақ, бүгінде 110 нысанның 99-ы өз қызметін жандандырды, қалған 11-і ақпан айының соңына дейін жұмысын бастайды.

Бүгінде қаланың 93 сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-сі жұмыс істейді, қалған 6 нысан қалпына келтіру қызметін жүргізеді. Мысалы, «Мәскеу» СОСО жартылай іске қосылды, толық қалпына келтіру ақпан айының ортасына дейін жоспарланған.

Басқа да зардап шеккен сауда үйлеріне келер болсақ, «Арена» СҮ 1 ақпанда, «Сити Центр» СО 1 ақпанда, «Мобилка» СҮ ақпан айының соңына дейін, «Променад» СО наурыз айының соңына дейін, «Азия парк» СОСО наурыздың 1 онкүндігіне дейін, «Алмалы» СОСО тамыз айының соңына дейін ашу жоспарлануда.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, бүгінде Алматыда 220 жанар-жағармай құю бекеттерінің 190-ы жұмыс істейді, 23 желілік жанар-жағармай құю бекеттері зақымдануды қалпына келтіріп, ақпан айының соңына дейін іске қосылады, өртенген 2 ЖЖҚБ мамыр айының ортасына дейін өз қызметін қалпына келтіруді, 5 желілік емес жанар-жағармай құю бекеті 30 қаңтарға дейін өз қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қаладағы 3 100 қоғамдық тамақтану объектілерінің басым бөлігі - 3 083-і жұмыс істейді. Наурыз айының ортасына дейін 15 нысан, 1 мамырға дейін тағы 2 нысан іске қосылады.

Қалада 975 дәріхана қызметін қайта бастады.