Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 30% өсті

Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 30% өсті
Сурет: Interfax.ru

Үндістанда омикронның тағы бір түрі анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны күрт артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, соңғы екі аптада COVID-19 дертіне шалдыққандар саны шамамен 30 пайызға өскен. Гебрейесус омикрон штамдарының таралуы індеттің күшеюіне себеп болып отырғанын және штамдардың жаңа түрлері пайда болып жатқанын айтты.

«Еуропа мен АҚШ-та тіркелген науқастардың басым бөлігі BA.4 және BA.5 жұқтырған», – деді ол.

ДДСҰ басшысы Үндістанда омикронның тағы бір түрі, яғни BA.2.75 анықталғанын жариялады. Қазір оған бақылау жүргізілуде.