Аруларды айрықша ардақтады

Аруларды айрықша ардақтады
almaty-akshamy.kz

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді

Энергетика саласында қара нарды қайыспай көтеріп, халықты электр қуатымен қамтамасыз етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, айналасына шуақ шашып жүрген нәзік жандар көп. 

 “Алатау Жарық Компаниясы”АҚ-ның ұжымы асыл жандарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған шарада ардақты аналар мен аяулы аруларға сый-құрмет көрсетілді.

Энергетика саласында тынбай еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары ұсынылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.