Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының алтыншы туры басталады

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының алтыншы туры басталады
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур ойындары басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1 қарашада А, В, С, D тобындағы командалар сынға түседі.
А тобында «Ливерпуль» (Англия) мен «Наполи» (Италия), «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) пен «Аякс» (Нидерланды) жасыл алаңға шығады.

Ал, В тобында «Порту» (Португалия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Байер» (Германия) мен «Брюгге» (Бельгия) ойнайды.

Сондай-ақ, С тобында «Бавария» (Германия) мен «Интер» (Италия), «Виктория Пльзень» (Чехия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.

D тобында «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Айнтрахт» (Германия), «Олимпик Марсель» (Франция) пен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) кездеседі.

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 22:35-те «Порту» мен «Атлетико Мадрид», 00:50-де «Олимпик Марсель» мен «Тоттенхэм Хотспурс» ойындары - «Qazsport» арнасында, ал 00:50-де «Ливерпуль» мен «Наполи» кездесуі «Qazaqstan» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасында «Барселона» топтық кезеңнен шыға алмады.