Бүгін тағы бірнеше жерасты дүмпуі болды

Бүгін тағы бірнеше жерасты дүмпуі болды
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмология институты 25 қаңтарда Қытай аумағында болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді. 

Алматы уақытымен 10 сағат 21 минут 57 секундта тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0. MPV магнитудасы — 4.3. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 29 минут 52 секундта тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы — 4.5. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 54 минут 54 секундта тіркелген үшінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.2. MPV магнитудасы — 4.6. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 59 минут 21 секундта тіркелген төртінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,5. MPV магнитудасы — 5.2. Қазақстан аумағында сезілген жоқ.