Бүгін республиканың 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін республиканың 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Сәрсенбі, 12 қазанда 8 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.