Бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады
mail.kz

19 наурыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 19 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон жырасының ықпалында болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің шығысында жауын-шашын болжанады, оңтүстік бөлігінде көбіне жаңбыр түрінде жауады. Жалпы, республика аумағында тұман, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, көктайғақ байқалады.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында және таулы аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстік және таулы аумақтарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыста желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысында түнде және таңертең тұман байқалады.