Астана маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті

Астана маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті
inform.kz

Астана маңында пойыз бір үйір жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 наурыз күні сағат 03.00 шамасында елордадан 64 шақырым қашықтықта орналасқан «Еркіншілік-Сарыоба» аралығында болған.

Жүк пойызының машинисі қараңғы уақытта темір жол бойында жүрген малды бірден байқамай, 20 бас жылқыны қағып кетті. Тексеру барысында көлік полицейлері 44 жастағы малшыны анықтады. Ол түнгі уақытта жылқыларды қараусыз қалдырған.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 559-бабына (теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу) сәйкес хаттама толтырылды.