Бұдан былай елімізде жемқорлардың бірыңғай тізімі жарияланады

Бұдан былай елімізде  жемқорлардың бірыңғай тізімі жарияланады
Сурет: Самат Құсайынов

Арнайы реестрге енгізілген дерек кез келген қазақстандыққа қолжетімді болады және қаржы жымқырып, пара бергендерге қоғамдық бақылау күшеймек.

Бұл жайында Ташкентте өткен Орталық Азияның жемқорлыққа қарсы платформасын құру жөніндегі жиында мәлім болды. Конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымыңың өңірлік өкілдігі ұйымдастырды. Басқосу барысында Қазасқтанның кейінгі бірер жылда 2 млрд доллардың активін қайтарғаны ерекше атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz мәліметінше, Бұл істі еліміздің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттігі Орталық Азия және еуропалық әріптестерімен қарқынды түрде жүргізуді жоспарлап отыр. Ол үшін арнайы келісімдер жасалмақ. Қайтарылған қаржы кейін елде әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Қазірдің өзінде 150 млрд теңге жаңа мектептер салуға бөлінді. Көршілес кей мемлекеттер, оның ішінде Өзбекстанның шетел асқан активтерді қайтару тәжірибесі бар. Тараптар осы бағытта ақпарат алмасуға ниетті.

Жігер Байділдин, ҚР СЖҚІҚА 1-қызмет басшысының орынбасары: - Бұл жұмыстың бәрі жүргізіліп жатыр. Бұрын болғанымен, Конституциялық құқықты бұзбау үшін оларды жария етуге жатпайтын мәліметтер болатын. Бірақ қазір қоғам тарапынан бақылауды күшейту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Конференцияда Орталық Азия елдерінің ұрланған активті қайтару тәжірибесі кеңірек талқыланды. Қазақстандық органдар бұл істі жедел әрі тиянақты атқарып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы оны жоғары бағалайды. Енді аймақтағы мемлекеттер бір-бірімен әріптестікті арттырып, ұрланған қаражатты анықтау, қайда бағытталғанын бақылауға мүмкіндік алуы керек. Орталық Азия осы бағытта бір платформаға біріксе дейміз»,  - дейді БҰҰ Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Ашита Миттал.