Буллингтің шешімін табуға болады – психолог

Буллингтің шешімін табуға болады – психолог
Сурет: Ашық дереккөз

Балалардың эмоциялық жай-күйімен жұмыс істеу өте маңызды

Буллингтің ұшығып жатқан үрдісіне қарамастан, әлі де шешімін табуға бола, бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар алаңында  психология магистрі, Қазақстан психологтары қауымдастығының мүшесі, балалар психологы, мектептердегі дағдарыстық жағдайларды шешу жөніндегі маман Анастасия Стеблянко баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, буллингтің шешімі бар, бұл ретте балалардың эмоциялық жәй-күйімен жұмыс істеу өте маңызды. 

«Қазіргі жасөспірімдер бір-бірімен қарым-қатынас құруда түрлі қиындықтарға тап болады. Қиын кезеңдерде қалай әрекет ету керектігін білмейтіндіктен, осы орайда ересектер балаларға көмектесуі керек. Жеке орталықта жасөспірімдер арасында өзін-өзі бағалау, эмоционалды интеллектті тануға бағытталған арнайы топтар ұйымдастырдым. Бұл жасөспірімдерге өзін танып, өзгені түсінуге және қабылдауға көмектеседі», - деп қосты спикер.

Психологтың айтуынша, жасөспірімдер қарапайым құралдар мен өмірдегі түрлі жағдайлардың мысалдары және оларды сезіну арқылы қиын жағдайлардан қалай шығуға болатындығын түсінеді.