«Birgemiz» платформасында ҮЕҰ-дан ұсынымдарды қабылдау жалғасып жатыр

«Birgemiz» платформасында ҮЕҰ-дан ұсынымдарды қабылдау жалғасып жатыр
Сурет: Svyatovest.by

Шара бірінші тамызға дейін жалғасады.

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларға қатысу үшін өз ұсыныстарын жасап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылға арналған әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты ұсыныстарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. ҮЕҰ өз ұсынымдарын қабылдау Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында жүргізіліп жатыр»,- делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бірлескен жобасының аясында Орталықтың ресми сайтында азаматтық сектор мен қоғам өкілдеріне әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасы жұмыс істеуде.

Ұсыныстар ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Бұдан кейін халықтың сұранысына, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына, заңнамалық және өзге де талаптарға сай ұсыныстар егжей-тегжейлі талдау жүргізу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданатын болады.

Ұсыныстарды мына сілтеме арқылы жіберуге болады: https://cisc.kz/kk/15062022