Алматыда пәтер жөндеу туралы жарнама берген алаяқ ұсталды

Алматыда пәтер жөндеу туралы жарнама берген алаяқ ұсталды
Сурет: Arnapress.kz

Ұсталған алаяқ қамауға алынды.

Алматыда полиция қызметкерлері кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медеу аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес 33 жастағы Б.есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Тергеушілер анықтағандай, жас жігіт пәтерлерді жөндеу туралы жарнама берген. Әлеуетті тұтынушы хабарласқан кезде, күдікті әрлеу жұмыстары басталғанға дейін құрылыс материалдарын сатып алу үшін алдын ала төлем сұрады. Ақшаны алғаннан кейін белгісіз бағытта жасырынып қалған.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Істі қарау барысында Б.есімді азаматтың 3 эпизодты жасағандығы белгілі болды. Ол өз іс-әрекетін мойындады. Оны бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеруде», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.