Билл Гейтс бар байлығын қайырымдылыққа аудармақ

Билл Гейтс бар байлығын қайырымдылыққа аудармақ
Сурет: Ria.ru

Шілде айының соңына дейін миллиардер Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 20 миллиард доллар бөледі.

Америкалық миллиардер Билл Гейтс бар байлығын болашақта қайырымдылық қорына беруді жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

«Болашақта мен қорға бар жиған-тергенімді беруді жоспарлап отырмын. Осылайша, әлемдегі ең бай адамдардың тізімінен шығамын», – деді Билл Гейтс.

Ол шілде айының соңына дейін бұрынғы әйелі Мелинда Гейтспен 2000 жылы бірлесе құрған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 20 миллиард доллар аударатынын айтты. 2026 жылға дейін қор шығыны 6 млрд доллардан 9 млрд долларға дейін ұлғайтылмақ. 

«Мен өз ресурстарымды қоғамның өмірін жақсартуға септігін тигізетіндей етіп қайтаруға міндеттімін. Басқа да ауқатты адамдар осындай қадамға барады деп үміттенемін», – деді миллиардер.