Медициналық ұйымдар халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып ала алмай отыр

Медициналық ұйымдар халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып ала алмай отыр
Сурет: Baq.kz

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылай деп дабыл қағып отыр.

Себебі халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып алу мүмкін болмай тұр. Дәрілерді сатып алуға арналған арнайы портал жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамырда препараттар мен емдеу бұйымдарын сатып алуды реттейтін жаңа ереже бекітілген еді.

Яғни дәстүрлі сатып алу тәсілі тоқтатылып, электронды түрі ғана енгізілді. Бұл орынды.

«Бірақ, толық жүйеленбегендіктен, денсаулық сақтау ұйымдары тығырыққа тірелді», - дейді «Атамекен» палатасының атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

Салдарынан фармацевтикалық өнімдердің өндірушілері мен жеткізушілері порталға кіре алмай отыр. Осыдан науқастар зардап шегуде. Сондықтан проблема шешілгенше, бұрынғы нормаларды қайтару қажет. Сала министріне хат жолданды.