Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ

Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ
almaty-akshamy.kz

Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік

Жаратылыс туралы білім беру, әсіресе табиғат төсінде, табиғатпен етене өмір сүрген Ұлы даланы мекендеген халықтың ұрпағы ретінде біздерге ерекше жақын. Білім алушыларға жартылыстану білімінің тереңдігі мен маңыздылығын түсіндіріп, олардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Алматы қаласы, Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектепте «Жаратылыстану ғылымдарымен болашаққа» тақырыбында 12-16 ақпан аралығында жаратылыстану, химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталық өтті.

Апталық жоспары алдын ала ұсынылып, өтетін ашық сабақтар мен іс-шаралар уақыты белгіленді. Апталыққа оқушылармен қатар ұстаздар да белсене қатысты. Мысалы Ахметханова Индираның «Энергия түрлері мен көздері» тақырыбындағы ашық сабағы жаңашылдыққа тұнған сабақ болды. Химия пәнінің мұғалімі Нұрғожаева Ардақ 10-сыныптағы «Гомологтық қатар. Алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы» сабағында қызықты ойындарды тиімді қолдана отырып, оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Биология пәнінің мұғалімі Нартбаева А. өз сабағында  "spinthewheel.io"; "mentimeter" цифрлы платформаларын қолдану арқылы сабақ мақсатына жете білді. География пәні мұғалімі Сәрсенова Айнұр  «Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері» тақырыбындағы сабағында  оқушыларға жұптық, топтық жұмыстар орындатып, өзінің жоғары деңгейдегі білімі мен балалардың ізденімпаздығын байқатты. Химия пәнінің мұғалімі Абылханова Алмира   «Химиялық элементтердің табиғи топтары» тақырыбындағы ашық сабағында оқушылар сабаққа белсенді қатысты, ұстаз өз білімін терең жеткізе алды. География пәнінің мұғалімі   Алимбаева Гульзинат  «Демографиялық саясат»  тақырыбындағы ашық сабағында мұғалімнің біліктілігі мен білімділігін байқадық. Сонымен қатар ұстаздар Байбатшанова А., Ахметова С, Жидебаева А. Сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдері жоғары деңгейде бағаланды. Жоғарыда аталған ұстаздарымыз ашық сабақтарымен қоса, сыныптан тыс іс-шаралар мен көңілді үзілістерді ұйымдастырды. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде, жауапкершілікпен өтті.

Қытай философы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» дегендей сыныптан тыс өткен шарада оқушы оқу  жүйесін түсініп, қабылдады, іс-әрекетке белсенді қатысты.
Қорытындылай келе айтарым «Жаратылыстану» пәнін оқу барысында оқушылардың бойында бақылау әдісі, зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну дағдылары дамиды. Жаратылыстану  пәнін оқыту арқылы жаһандану  дәуірінде жастардан  ғылыми  тұрғыда ойлайтын ой-өрісі  жоғары, ізденімпаз  тұлға  тәрбиелейміз.

Ныгызбаева Раушан, Алматы қаласы, Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектептің  биология пәні мұғалімі