Биыл Транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалдау 3 есе артты

Биыл Транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалдау 3 есе артты
Сурет: Ашық дереккөзі

Экспорт 9 есе артып, 494 мың тонна болды

Биылғы жеті ай ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдау көлемі 3 есе артты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасына қатысқан «KTZExpress» АҚ бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2022 жылдың жеті айында тасымалдау 3 есе артып, 845 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есеге көп. Былтыр жеті айда 311 мың тонна жүк тасымалданған еді. Ал биыл экспорт 9 есе артып, 494 мың тонна болды. Өз кезегінде импорт көлемі 83 есе көбейіп, 179 мың тоннаға жетті. Транзит болса, 7 пайызға артты», - деді Айбек Қапар.

Қоса кетсек, өткен айда «Қазақстан темір жолы» мен Баку теңіз порты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, енді Транскаспий бағыты бойынша жылына 4 млн тонна Қазақстан жүгі тасымалданады.