Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгерді
Сурет: 2gis.kz

Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлімдеді.

Алматы халықаралық әуежайында күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 8 қыркүйектен бастап № 92 және №3 маршруттар әуежай аумағына кірмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олар оның алдынан бұрылып, кері бағытта жүретін болады.

«Сонымен қатар «Аспан сити» ТК тұрғындарының өтініші бойынша № 54 маршруттың қозғалыс схемасы өзгертілді. Енді ол «Алатау» тас жолы бойымен қозғалысты жалғастырып, кері айналады да кері бағытта жүреді. Бұдан әрі схема бойынша», - делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасы таратқан ақпаратта.