Биыл көлік бағасы көтеріле ме?

Биыл көлік бағасы көтеріле ме?
Сурет: ашық дереккөз

Freedom Finance Global сарапшылары инфляция деңгейіне қарай автокөлік бағасы 12-17% өсетініне болжам жасады.

Анығында, көлік бағасы биыл 12-17%-ға артады деп күтілуде. Сонымен қатар, автокөлік нарығының өсімі инфляция қарқынының баяулауымен бірге төмендейді. Десек те,  жергілікті нарық үшін бұл салыстырмалы түрде алғанда, жоғары деңгейде қалады , - дейді сарапшылар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сарапшылар сондай-ақ биыл елдің автомобиль нарығындағы сатылым өсімі баяулайды деп болжап отыр. Алайда олардың көпшілігі жақын арада базалық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екенін, соның нәтижесінде, халықтың несие алу мүмкіндігінің артатынын атап өтеді.

«Біз сондай-ақ арнайы ұсыныс, жеңілдік және қысқа мерзімді төлемдер санының өсімін күтеміз. Алайда, жалпы алғанда, екінші деңгейлі несиелер бойынша мөлшерлеме 10% -дан жоғары болып қалады әрі жаңа жеңілдікті жаппай несиелеу бағдарламасы шықпайды, – дейді мамандар. Бұдан өзге, сарапшылардың пікірінше, Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан автомобиль өнеркәсібі нарық динамикасына тікелей әсер етеді. Мұндай процесс басқа өндіруші елдердің автокөліктеріне сұраныстың төмендеуіне алып келеді. «Тұтынушының жаңа автокөліктерге сұранысының артуы және ескі көліктерге деген тұтынушылық сұраныстың төмендеуі де болжануда», - деп қорытындылайды сарапшылар зерттеуін.