Биыл егін былтырғыдан бітік шықты

Биыл егін былтырғыдан бітік шықты
Сурет: Halyqline.kz

Орташа түсім гектарына 13 центнер көлемінде айналды.

Бұл былтырғыдан 30 пайызға көп. Қазірдің өзінде елдің бірқатар өңірінде күзгі жиын-терім аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы, 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр. Ендігі міндет – өнім сапасын түсіріп алмау. Үкімет басшысы жауаптыларға астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп шұғыл әрекет етуі керек. Әрі келер жылға қажетті астық тұқымын да ұмытпаған жөн.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап, астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етсін. Өңір әкімдері өнімнің астық қоймаларына уақтылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстасын. Келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керек», - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.