Елімізде ұрлық саны екі есе азайды

Елімізде ұрлық саны екі есе азайды Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрі 2019 жылы ұрлық, мал ұрлау және зорлау ауыр қылмыс санатына ауысқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл ұрылар мен қылмыскерлерді тұтқындауға ғана емес, оларды қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмыстың қайта жасалуына жол бермейді. Нәтижесінде ұрлық саны 2 есеге қысқарды (2019 жылы – 108 мың; 2022 жылы – 46 мың). Ал мал ұрлағаны үшін жеке жаңа қылмыс құрамы енгізілді. Бұл мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты (2019 жылы – 3 292; 2022 жылы – 1 271)», – дейді министр.



Зорлау да ауыр қылмыстар санатына жатады. Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін татуласуға тыйым салынады. Осылайша, күдікті жауапкершіліктен құтыла алмайды. Нәтижесінде бұл қылмыстардың саны да 2 есе азайды (926/451).


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48