Биыл Әуезов ауданында 161 аула абаттандырылады

Биыл Әуезов ауданында 161 аула абаттандырылады
almaty-akshamy.kz

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау жұмыстары шеңберінде 7, 8, 10, 12, Жетісу-1,2,3,4 шағынаудандарындағы 161 ауланы абаттандыру және жөндеу жалғасуда.

Осы жылдың қараша айында жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы аулаларды абаттандыру (161 аула – 17%, ауданда барлығы 966 аула) жоғарыда аталған шағынаудандарда тұратын 60 мыңға жуық тұрғынға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.