Биыл әлемде 70-тен астам журналист құрбан болды

Биыл әлемде 70-тен астам журналист құрбан болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Тілшілердің өліміне себепші болған адамдардың 86 проценті жазасыз қалған

Биыл 70-тен астам журналист кәсіби қызметінің құрбанына айналған. Олардың 11 пайызы – қыз-келіншектер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Тілшілердің өліміне себепші болған адамдардың 86 проценті жазасыз қалған. Бұдан басқа, түрмеде отырған тілшілердің санында есеп жоқ. 

Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Ол «сөз бостандығы демократияның дұрыс дамуы мен қылмыстарды әшкерелеуде ең маңызды шарт екенін» еске салды. 
Сондай-ақ 3-4 қарашада Венада журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша конференция өткізу жоспарланған.