Биыл 172 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

Биыл 172 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
Сурет: Ашық дереккөз

288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдайды

18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірленуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдап, 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 

11-сыныпты барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіреді.