Бассейндік инспекция қызметкерлері 2023 жыл қорытындысы бойынша 51 бұзушылық анықтады

Бассейндік инспекция қызметкерлері 2023 жыл қорытындысы бойынша 51 бұзушылық анықтады
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекторлары су пайдаланушылардың су заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша барлығы 40-қа жуық тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде жалпы сомасы 8 млн теңгеге 208 әкімшілік айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 50 ұйғарым берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cала министрлігіне сілтеме жасап.

«Су тұтынуды бақылауды күшейту үшін біз бассейндік инспекция штатын 1,5 есе арттырдық. Олардың материалдық-техникалық базасы да жақсартылатын болады. Сонымен қатар, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беруді қарастырдық. Ал, Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылады»,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.