Алматыда 40 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстырмақ

Алматыда 40 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстырмақ
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылы мегаполисте белсенді жұмыспен қамту шараларымен 38 253 адамды қамту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жұмыссыздар ретінде Еңбек ұтқырлығы орталығында есепте 15 727 адам тұр, оларды тұрақты жұмыс орындарына орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Еңбек ұтқырлығы орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асланбек Қуанышов мәлімдеді.

«Осы кезде орталыққа 4 905 адам жүгініп, 15 727 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның ішінде 13001 адам өткен жылдары тіркелген. 2024 жылы белсенді жұмыспен қамту шараларымен 38 253 адамды қамту жоспарланған, 2023 жылы жоспар 43 004 адамды құрады, шаралармен 52 928 адам қамтылды, бұл 123% құрады», - деді А.Қуанышов.

Өткен жылғы мәліметтерге сәйкес, еңбек ұтқырлығы орталығына 61 563 адам жүгінген, оның ішінде 41 120 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Әр түрлі себептермен 41 432 адам жұмыссыз ретінде тіркеуден шығарылды.

Ағымдағы жылы кәсіптік оқытуға 950 адамды жіберу жоспарлануда, оның ішінде білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуға 740 адам жіберілетін болады. Қалған 210 адам жұмыс берушілерден жұмыс орнында оқытылады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары жалғасуда. 
Мемлекеттің қолдауына сенетін 2000-ға жуық адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілетін болады. 2023 жылы 9 920 адам оқуды бастады, оның 7 390-ы оқуды аяқтады, бұл 74,5% құрайды. Оқуды аяқтау қорытындысы бойынша:
- грант алып, 4 909 адам өз ісін ашты;
- кәсіпкер ретінде 114 адам тіркелді;
- 146 адам жұмысқа орналасты.

Оқыту рәсімі онлайн форматта өтеді, білім алғысы келетіндер business.enbek.kz порталында өз бетінше тіркеліп, оқудан өте алады. 

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 358 өтеусіз грант беру жоспарланған. 2023 жылы бөлінген 3 ағын бойынша 375 грант берілді, оның ішінде 374 адам өз ісін ашты, 1-уі кері қайтарылды. 662 шағын несие беру жоспарланған. 2023 жылы 253 адам өтініш білдіріп, 201 жоба мақұлданды, 135 кәсіпкер алды», - деді А. Қуанышов.

Несие алу үшін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Сәтпаев көшесі, 5-үй мекенжайы бойынша «Аграрлық несие корпорациясына» жүгіну қажет.

Бұдан басқа, орталық субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырады. Мәселен, «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасымен 2024 жылы 6 932 адамды қамту жоспарлануда. 2023 жылы жоспар бойынша 12 487 адам, 13 241 адам жіберілді, шаралар аяқталғаннан кейін тұрақты орындарға 8 474 адам жұмысқа орналастырылды.

«Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 480 адамды жіберу жоспарлануда. 2023 жылы жоспар бойынша 980 адам 985 адам жіберілді, шаралар аяқталғаннан кейін 799 адам тұрақты орындарға орналастырылды.

«Жастар тәжірибесімен» 882 адамды қамту жоспарлануда. 2023 жылы 899 адам жолданды, оның 665-і жалғастыруда. Шараны 234 адам аяқтады, оның ішінде 103 адам тұрақты орындарға орналастырылды.

«Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 2024 жылы 400 адамды қамту жоспарланған, 2023 жылы жоспар бойынша 937 адам, 413 адам жіберілді, оның ішінде 310 адам сол жұмыстарын жалғастыруда. Шараны 103 адам аяқтады, оның ішінде 37 адам тұрақты орындарға орналастырылды.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2024 жылы 4 адамды қамту жоспарлануда, 2023 жылы 4 адам жіберілді, оның ішінде 1 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Күміс жас» жобасы бойынша 2024 жылы 400 адам қамтылады, 2023 жылы жоспар бойынша 930 адам 385 адам жіберілді, оның 324-і жалғасуда. Шараны 61 адам аяқтады, оның ішінде 15 адам тұрақты орындарға орналастырылды.