Бас имамның 11-ші перзенті өмірге келді

Бас имамның 11-ші перзенті өмірге келді
Сурет: Оtyrar.kz

Бұл отбасының тұңғышы – 21жаста.

Түркістан облысында қырық жастағы Батыр ана 11-ші баласын босанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

№1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен 11-ші баласын өзі босанды. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.

Мамандардың айтуынша, 40 жастағы әйелдер арасында өзі босану сирек кездеседі екен.

Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы бар. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін келіншек Мұстафа деп атапты. Көп балалы әке  – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам.