Банкте ойран салған басқыншы қамалды

Банкте ойран салған басқыншы қамалды
Сурет: Еgemen.kz

Бұдан бұрын оның сотталуы мүмкін екенін хабарланған.

Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесін басып алған күдікті 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

“2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – делінген сот хабарламасында.

18 маусым күні «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алған.